Бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 7,3%-ға, жаңа тұрғын үй бағасы 9,3%-ға өсті. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
2023 жылғы наурызда абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 29,3%-ға өсті.
Өңірлік бөліністе бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар жылдық мәнде айтарлықтай қымбаттады:
Ақтөбе - 25,4%, Ақтау - 24,3%.Қайталама тұрғын үй нарығында бағаның өсуі бойынша көшбасшылар қатарында:
Қызылорда (37,8%), Ақтау (32,6%), Семей (31,6%), Қостанай (29,2%), Өскемен (24,7%).Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында:
Көкшетау (51,1%), Петропавл (48%), Алматы (45,4%), Қостанай (45%).Бір айда (2023 жылдың наурызына қарай) жаңа тұрғын үйді сату бағасы 1,2%-ға, ал пәтерлерді қайта сату бағасы 0,7%-ға төмендеді. Алдыңғы аймен салыстырғанда наурыз айында абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны өзгеріссіз қалды.