Шавкат Рахмонов сұхбатында қандай қиындықтардан өткенін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шавкат бүгінгідей дәрежеге еңбектің арқасында жеткенін айтады. Кішкентайынан қиындық көріп өскен ол отбасымен аядай жерде тұрған-ды.
«Мамам өте көп қиындық көрген. Соның артында біз де қиыншылықты өткергенбіз. Мынандай деңгейге жету, мынандай жұмыс істеу бәрімізге әрдайым еңбектің арқасында келіп жатыр. Шынын айтсақ, біз Қарағандыға келген кезде тұрған жеріміз, не десем болады, кішкентай ғана бөлме болды. Былай айтқанда, біл бөлмелі пәтердің ас үйі еді. Төрт бала мен мамам, бес адам тұрдық. Тар болатын. Өте қиын болды», деді ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов.