• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Сәуір, 2023

Ақтөбеде екі адамды өлтірген күдікті ұсталды

336 рет
көрсетілді

Екі адамды өлтірді деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдің бірінен әйел мен кәмелетке толмаған ұлының мәйіті табылды. Ал оның 13 жастағы қызы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне ауыр жарақаттармен жатқызылды.

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментін үйлестіруімен тергеушілер мен жедел қызметкерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде және бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасағаны анықталып, қамауға алынды.

Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол қылмыс жасағанын мойындады. Тергеу жалғасып жатыр.