• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Сәуір, 2023

Халық қарсы болса, АЭС салынбайды - Алмасадам Сәтқалиев

3681 рет
көрсетілді

Бүгінгі Үкімет отырысы аясында тілшілер жаңадан тағайындалған энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәлірек айтқанда, Қазақстанда атом электр станциясын салудың орындылығы туралы сондай-ақ қазақстандықтардың пікірін білу үшін референдум өткізіле ме деген сұрақ қойылды.

Сәтқалиевтің айтуынша, қоғамдық пікір міндетті түрде ескеріледі. Бұл ретте министр атом электр станцияларын салудың қолданыстағы тәртібі жайлы сөз қозғады.   «Референдум халықтың көпшілігі осы станцияны қолдайтыны немесе қолдамайтынын түсіну үшін қажет. Мұны қамтамасыз ете алатын түрлі механизмдер бар. Егер халық қарсы болса, станция салынбайды. Тиісті ережелер, процедуралар бар, соған сәйкес бақылау органдарын үйлестіруге және құруға қатысты мәселелер де бар. Менің ойымша, бұл бастапқы нүкте болуы керек. АЭС - өте күрделі жоба. Станцияның құрылысын қазірден бастасақ, кем дегенде 10 жылға созылып кететінін түсіну керек», деп жауап берді министр.   Тілшілер Алмасадам Сәтқалиевтің жеке пікірін де сұрады. Осы тұста министр АЭС құрылысын жақтайтынын айтты.