• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 11 Сәуір, 2023

Қазақстандықтар дәрігер кеңесін онлайн режимде қабылдай алады

310 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі «Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларына» өзгеріс енгізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта көрсетілгендей, енді Қазақстар азаматтары төменде көрсетілген мамандардың кеңесін онлайн режимде ала алады:

Реабилитолог; Логопед; Психолог; Терапевт; Педиатр; Хирург; Акушер-гинеколог; Оториноларинголог; Кардиолог; Пульмонолог; Ревматолог; Невропатолог; Инфекционист; Аллерголог; Эндокринолог; Гастроэнтеролог; Офтальмолог; Гематолог; Нефролог; Уролог; Андролог; Геронтолог; Дерматовенеролог; Иммунолог; Травматолог-ортопед.

«Жоба ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» іс-шаралар жоспарының 101-тармағының телемедицина арқылы орналасқан жері бойынша медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту бойынша әзірленді», делінген Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында.

Аталмыш құжат 25 сәуірге дейін ашық талқылауда болатынын айта кету керек.