Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 448,82 теңгені құрап, 4,57 теңгеге өскенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы 64,90 теңгені құрады.
Ұлттық банк еуро бағамын – 484,5 теңгеге, рубльді - 5,44 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пункттерінде долларды 448-452 теңгеден, еуроны – 490-497 теңгеден, ресей рублін – 5,4-5,7 теңгеден сатып алады/сатады.
Айата кетсек, бүгінгі сауда барысында мұнай бағасы сәл көтерілді. Мәселен, маусымдағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,68%-ға, барреліне 84,75 долларға дейін, мамыр айындағы WTI фьючерстерінің бағасы 0,76%-ға, 80,35 долларға дейін өсті.