• RUB:
    4.9
  • USD:
    441.79
  • EUR:
    478.77
Басты сайтқа өту
Инновация 11 Сәуір, 2023

78 жастағы өнертапқыш жол талғамайтын көлік жасап шықты

345 рет
көрсетілді

78 жастағы Айтмұхан Әлімов қолдан автокөлік жасап, әлеуметтік желідегі жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнертапқыш тікұшақ жасап, кейін оны жол талғамайтын көлікке айналдырған.

«Бастапқыда бұл ашық тікұшақ болатын. Әкем оны құрастырып, ұшуға әрекет жасап көрді. Бірақ жерден сәл жоғары көтерілгеннен кейін қорыққан болуы керек, жерге қонып, қозғалтқышты өшірді. Ол оны дереу бөлшектеп, жол талғамайтын көлікке айналдыра бастады», дейді өнертапқыштың қызы.