• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Сәуір, 2023

Команда жасақталды

256 рет
көрсетілді

14-15 сәуір аралығында Астанада теннистен әйелдер арасындағы Билли Джин Кинг кубогінің бірінші іріктеу кезеңі өтеді.

Қазақстан құрамасының капитаны Яро­слава Шведова бұл бәсекеде Елена Рыба­ки­на, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Гө­заль Айнитдинова және Жәнел Рүстемо­ва­ға сенім артып отыр. Бұл ойыншылар­дың барлығының есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. Польшаға қарсы кездесудің негізгі матч­тарында Рыбакина мен Путинцеваның өнер көрсететіні анық. Өйткені екеуінің де әлемдік рейтингтегі жағдайлары жақсы. Данилина жұптық бәсекелерде өзін жақсы қырынан көрсетіп жүр. Ол талай дүбірлі додада дараланды. Ал Айнитдинова мен Рүстемова – қосалқы құрамдағы ойыншылар.