• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Сәуір, 2023

TikTok желісіне тыйым салу керек - Мәжіліс депутаты

433 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай кәмелетке толмағандарға TikTok желісін пайдалануға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты вице-премьер Алтай Көлгіновке депутаттық сауал жолдады.

Депутат өз сөзінде соңғы кездері жасөспірімдер арасында жантүршігерлік оқиғалардың жиілеп кеткенін атап өтті.

«Бізді елең еткізген Түркістандағы мектеп оқушысының өлімі, Қазалыда қатты соққыдан ес-түссіз қалған баланы тепкілеген жасөспірімдердің әдепсіз әрекеті, Өскеменде қыздың ауыр соққыға жығуы – менің бүгінгі уайымым», деді депутат.

Депутат Ішкі істер министрлігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаттарын қайта қарауды, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігіне мектептердегі мұғалімдердің академиялық білімін ғана емес, сонымен қатар білім деңгейін бағалау тетіктерін енгізуді ұсынды. 

«Әлеуметтік мұғалім, сынып жетекшісі іс-шараларды ұйымдастыру принциптерін қайта қарау керек. Қазақстанда балаларға шексіз қызмет көрсететін TikTok әлеуметтік желісін кәмелетке толмағандар арасында пайдалануға тыйым салу керек», деп түйіндеді сөзін Аманжол Алтай.