Otyrar.kz-тің хабарлауынша, 17-шағын ауданда көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түнгі сағат бір шамасында түскен. Өрт сөндірушілер келген уақытта үшінші қабатта орналасқан пәтерде жиһаздар мен заттар жанып жатқан.
«Пәтерден 1962 жылы туған ер адам өлі табылды. Қалың түтінге байланысты өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялады», делінген Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Көршілерінің айтуынша, ер адам жалғыз тұрған, ішімдікті мөлшерден тыс қолданған. Оның пәтерінде бұған дейін де өрт шыққан, ол кезде көршілері дер кезінде байқап, аман алып қалған.
Өрттің нақты себебін және 61 жастағы ер адамның өлімін анықтау үшін тексеру жүріп жатыр.