Өкінішке қарай, биіктен құлаған баланы құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы жедел жәрдем станциясының мәлімдеуінше, бала көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатынан құлаған.
«Баланың терезеден құлауы туралы шақырту сағат 18:32-де келіп түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 3 минутта жетті. Олар баланың қайтыс болғанын анықтады», делінген хабарламада.