• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Сәуір, 2023

Сауд Арабиясында қар жауды

381 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Әл-Баха провинциясында қар жауды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қардың кесірінен бірқатар жол жабылып, көліктер қар құрсауында қалып қойды. Оқушылар қашықтан оқыту режиміне көшірілді.

Сауд Арабиясында көктем салқын, әсіресе солтүстікте түнгі температура 15°C төмен түсуі мүмкін. Орталық және оңтүстік аймақтарда ауа райы жылы, түнде орташа температура шамамен 20°C. Көктемде жауын-шашынның максималды мөлшері негізінен елдің орталық бөлігінде және оңтүстік-батысында, Асир тауларында түседі.

Әлеуметтік желіде көшелердегі қардың видеосы пайда болды.