БҚО тұрғыны 10 күн ішінде жылдамдық режімін 139 рет бұзған. Жүргізушіге 4 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Автокөліктің Қазақстанда тіркелмегенін пайдаланған жүргізуші жол қозғалысы ережелерін елемей, қалада жылдамдықты барынша асырған. Ол көлігі базалар бойынша есепке алынбағандықтан, жазадан оңай құтылып кетемін деп ойлаған.
БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Белгілі болғандай, жүргізушінің көлік жүргізу куәлігі болмаған. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Ал жүргізушіге 4 млн теңге айыппұлды салынды.