• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Сәуір, 2023

Ақтау теңіз порты халықаралық мәртебесін қайтарады

396 рет
көрсетілді

ҚР ИИДМ Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін беру және Үкіметтің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін беру», делінген құжатта.

Сонымен қатар, құжатта «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ-ны «Ақтау халықаралық» ұлттық компаниясы» АҚ-ға қайта атау туралы жазылған.

Түсіндірілгендей, жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 5 шілдедегі жаңа геосаяси жағдайларда республиканың көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша жүктеген тапсырмасына сәйкес әзірленді. Атап айтқанда, Президент теңіз порттарын Каспий теңізінің жетекші хабтарының біріне айналдыруды тапсырды.

Құжат 27 сәуірге дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Бұған дейін Ақтау теңіз сауда порты халықаралық мәртебеге ие болды, алайда 2018 жылдың қыркүйегінде Үкімет қаулысы бойынша одан айырылған.