• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2014

Эквадор – Латын Америкасындағы сенімді серіктес ел

352 рет
көрсетілді

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға ресми сапармен тұңғыш рет келген Эквадор Сыртқы істер министрі Рикардо Патиньомен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Е.Ыдырысов Эквадор Сырт­қы істер министрінің сапары екіжақты қатынастардың тари­хында алғаш рет жүзеге асып отырғанын атап көрсетіп, Аста­на Китоны Латын Амери­касындағы маңыз­ды саяси және экономикалық серіктесі ретінде қарастыратынын айтты. Тараптар екіжақты, өңірлік, көпжақты ынтымақтастықтың біршама мәселелерін, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдары тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдау мәсе­ле­сін талқылады. Қазақстан мен Эквадорды дамудың ортақ басымдықтары мен халық­ара­лық мәселелер бойынша ұстаным­дарының жақындығы біріктіреді. Қазақстандық сыртқы саясат мекемесінің басшысы атап өткендей, ҚР СІМ азаматтарымыз үшін визалық тәртіпті либеризациялау ісімен дағдылы түрде айналысады. Осыған орай, сұхбаттастар екі ел азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы келісімнің  арада күшіне енуінің маңыздылығын атап өтті (2013 жылдың қыркүйек айында қол қойылған келісімнің күшіне енуі үшін мемлекет ішінде келісу үдерісінен өтуі тиіс; Қазақстан тарапының үдерісі аяқталған, Эквадор тарапы жақында аяқтайтын болады). Эквадор Қазақстанның Латын Америкасындағы төртінші ірі сауда серіктесі болып табылады (Бразилия – 377,1 млн. АҚШ долл., Мексика – 121,4 млн. АҚШ долл., Аргентина – 40,1 млн. АҚШ долл. және Эквадор – 38,9 млн. АҚШ долл.; 2013 жылдың деректері бойынша). 2013 жылы екіжақты сауда айналымының көлемі 30%-ға өсті. «Бұл жаман көрсеткіш емес, сонда да бұл ынтымақтастықты кеңейтуге елеулі әлеуетіміз бар екені анық»,  деді ҚР СІМ басшысы. Келіссөздердің маңызды қорытындысы екі елдің жан-жақты ынтымақтастығына қо­сымша үлес қосатын Сім-аралық саяси консультациялар туралы меморандумға қол қою болып табылады. Өзінің ресми сапары шең­берінде Эквадор Сыртқы істер министрі Р.Патиньо ҚР Парла­менті Сенатының Төрағасы Қ-Ж.Тоқаев, Премьер-Министр К.Мә­сімов, Мұнай және газ министрі Ұ.Қарабалин, Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н. Қаппаровпен және бірқатар министрліктер мен мекемелердің басшыларымен кездесті.

Қазақстан мен Эквадор ара­сындағы дипломатиялық қаты­настар 2012 жылдың 23 қаңта­рында орнаған.