• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Сәуір, 2023

Пиязды экспорттауға 30 кәсіпкер рұқсат алды

418 рет
көрсетілді

Елімізде 30 кәсіпкер 3 415 тонна пиязды өзге мемлекеттердің нарығына шығаруға рұқсат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жақында пияз экспортына салынған шектеудің күшін жойғаны белгілі. Пиязды шетелге шығаруға 20 мың тонна көлемінде квота арқылы рұқсат беріледі.

Осы ретте министрлік 12 сәуірге дейінгі мәліметті ұсынды. Белгілі болғандай, 30 кәсіпкер 3 415 тонна пиязды өзге мемлекеттердің нарығына шығаруға рұқсат алған. Квота бойынша енді 16 584 тонна қалып отыр.

Сондай-ақ жақында министрлік 28 сәуірге дейін Қазақстан аумағынан 20 000 тонна пиязды үшінші мемлекеттерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге квота енгізген болатын.