• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Энергетика 14 Сәуір, 2023

Жезқазған ЖЭО жөндеу жұмыстарын толық көлемде қаржыландыру қажет – Әлихан Смайылов

477 рет
көрсетілді

Үкімет басшысы Жезқазған ЖЭО жұмысын тексеріп, оның алдағы жылыту маусымына дайындық шараларымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі таңда жылу орталығы шамамен 244 МВт электр қуатын және 496 Гкал/сағ жылу қуатын өндіреді. Станцияның негізгі жабдықтары – 8 қазандық агрегаты, олардың екеуі бұған дейін күрделі жөндеуден өткен және 5 турбиналы генератор.

Премьер-министр ЖЭО қазандық агрегаттарының орташа тозу деңгейі 74% екенін атап өтті, осыған байланысты меншік иесі жаңа жылыту маусымына дейін қосымша қазандықты іске қосу бойынша жұмыс жүргізіп, жалпы энергия көзін күрделі жөндеу мәселелерімен белсенді түрде айналысуы қажет.

«Алдағы қыста тосын жағдайлардың алдын алу үшін қазірден бастап ЖЭО-ны жөндеуге қаржы құю керек. Өткен жылы меншік иесі 2,3 млрд теңге салуды жоспарлаған еді, бірақ жұмыстың бір бөлігі кейінге қалдырылды. Биыл ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарын толықтай қаржыландыру қажет. Қаражат «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында қайтарылады», деді Әлихан Смайылов.