• RUB:
    4.91
  • USD:
    443.03
  • EUR:
    480.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Сәуір, 2023

Астанадан Щучье қаласына дейінгі жол жабылды

948 рет
көрсетілді

ҚазАвтожол елордадан Щучье қаласына дейінгі жол жабылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Астана-Петропавл» тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығы автокөліктің барлық түрі үшін жабық», делінген хабарламада.

Жолшылар жаңа жауған қарды тазалап, жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеуді жалғастыруда. Мәселен, жабық тұрған «Астана-Щучье» бағытында күтіп-ұстау жұмыстарын 41 бірлік арнайы техника мен 48 жолшы маман атқарып жатыр.