Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын Билли Джин Кинг кубогының финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Астанадағы Билли Джин Кинг кубогында Польша құрамасымен кезекті кездесуін өткізіп жатыр.
Кездесудің алғашқы матчында Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Магда Линетті 6-4, 6-2 есебімен жеңді.
Кешегі күннің қорытындысы бойынша кездесудегі есеп біздің құраманың пайдасына 2:0 болды. Осылайша, Елена Рыбакинаның жеңісі Қазақстан құрамасына турнирдің финалына мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндік берді.
Бүгін жекелей сында Юлия Путинцева Вероника Фальковскимен кездеседі. Жұптық сында Анна Данилина мен Гозал Айнитдинова Алисия Росольска/Вероника Фальковскаға қарсы матч өткізеді.