Жезқазған-Ұлытау аймағында жыл сайын 12 сәуірде ғұлама ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күнін салтанатты іс-шаралармен атап өту дәстүрге айналған.
Биылғы салтанатқа Әлкей Марғұланның қызы, халықаралық Ә.Марғұлан қорының вице-президенті Дәнел Марғұлан және Зейін Сәтбаевтың шөбересі, саяси ғылымдар докторы, Философия, саяхаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері Әділ Жүнісов арнайы келіп қатысты.
– Біз екі күн бойы әкелеріміздің табанының ізі қалған жолдармен жүріп өттік. Жезді мен Қарсақбайға бардық, музейлерді араладық. Сәтбаев қаласында Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан атындағы мектептерде болдық. Әкелерімізге деген шексіз құрметті сезініп, көңіліміз марқайды. Олардың істерінің жалғасын тауып жатқанын көріп қуандық, – дейді мәртебелі меймандар.
Ұлылардың ұрпақтарымен өткен кездесулер көпшіліктің, әсіресе жасөспірімдердің көңілінде әдемі әсер қалдырғаны сөзсіз.
Абдолла ДАСТАНОВ,
журналист