Жаңаөзен қаласындағы 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 5 шамасында болған. Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылған. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.
«Оқиға орнында өрт орын алған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп - салдары анықталып жатыр», делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқиға орнындағы жедел үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған.