АСТАНА. 8 шілде. Жамбыл өңірінің басшысы Кәрім Көкірекбаевтың 2014 жылдың 8 шілдесіндегі өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Қалижан Әбдірайымов тағайындалды. Бұл туралы zhambyl.gov.kz хабарлады.
Қалижан Әбдірайымов 1965 жылы туған. Жоғары білімді. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары бірқатар министрліктерде қызмет етті. 2004-2008 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, 2008-2010 жылдары Президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2010-2011 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды.
Ал осы тағайындауға дейін ол«Қазақстандық тұрғын үй құрылыс корпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: zhambyl.gov.kz.
Фото: ulduz.su.