Алматыда әрбір алтыншы бағдаршамға жасанды интеллект жүйесі енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазірдің өзінде пилоттық бірінші кезеңді жүзеге асырдық: қалада 98 бағдаршам нысаны жабдықталды. Екінші кезеңге сәйкес, қалалық мобилділік бөлімі биыл жүзеге асыруға дайындық үстінде. Қаладағы барлық бағдаршам толығымен қамтылады. Қаржы бөлінгенде, олар бұл жұмысты жалғастырады», деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.
Полицияның айтуынша, қалада 580-ге жуық бағдаршам бар. Олардың 98-і жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейді, бірақ тек сынақ режимінде.
Айта кетейік, жасанды интеллект жүйесінің қиылыстарда қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
«Ол қиылысқа жақындап келе жатқан көлік ағынын автоматты түрде бақылап және максимал өтуді қамтамасыз етеді», деді Алматы қаласы ПД ӘПБ өкілі.