• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 18 Сәуір, 2023

Қазақстан теннисшілері алғаш рет үздік жетілікке кірді

317 рет
көрсетілді

Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 10-нан бірден 6-орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның теннис федерациясы мәлім еткендей, Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания секілді командалардан озды. 

Қазақстандық қыздар елордада Польша теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.