• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 19 Сәуір, 2023

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде өнер көрсетеді

237 рет
көрсетілді

Германияның Штутгарт қаласында WTA 500 Porsche Tennis Grand Prix Stuttgart 2023 сериясындағы турнир басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бірінші раундта Қазақстанның әйелдер командасының көшбасшысы Елена Рыбакина WTA рейтингінде 65-ші орында тұрған неміс Юле Немайермен күреседі.

Келесі айналымға шыққан жағдайда Рыбакина жұптың жеңімпазы Мартина Тревизанмен (Франция) - Беатрис Хаддад Майямен (Бразилия) ойнайды.

Турнир арнайы жабынды корттарында өтеді. Жүлде қоры жарты миллион доллардан асады. Жеңімпазға жүлделерден басқа Porsche Macan Turbo S Sport Turismo автокөлігінің моделі де беріледі.