Қазақстаннан Түркияға турист болып барған қазақ азаматы оққа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
КТК телеарнасының мәліметінше, Чекмекөй провинциясындағы көпқабатты үйдің жанында екі белгісіз ер адам бір-біріне оқ атқан.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Бегалы Тәліпов сол маңда кездейсоқ болған. Қазақстан консулдығына 31 жастағы ер адам телефон соғып, жарақаты туралы хабарлаған.
Қазір ол Ыстанбұлдағы ауруханалардың біріне жатқызылды.
Ол Түркия еліне отбасымен барған. Ер адам екі жасар қызын емдеуге әкелген. Оның туыстары зардап шеккен жоқ.