Жаңа күннің басталуы күн батқанннан кейін, яғни ақшам намазынан кейін болатындықтан алғашқы тарауих намазы Рамазан оразасы басталуының алдыңғы күні оқылады. Ал соңғы тарауих намазы қашан оқылады?
Соңғы тарауих намазы Рамазанның соңғы күні бітуінен алдын оқылады.
Биылғы Рамазан айы 29 күннен тұрады. Демек, соңғы тарауих намазы 28-ші Рамазан оразасын ұстап болғаннан кейін 29-шы Рамазанға қараған түні оқылады.
21 сәуір – Ораза айт мерекесі.