Бірінші лига командалары арасында ел чемпионатының 3-турында Оралдың «Ақжайығы» Алматының «Хан Тәңірі» командасын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бірінші таймның 13-минутында «Хан Тәңірі» командасының ойыншысы Марлен Айманов есеп ашса, 20 минуттан кейін «Ақжайық» футболшысы Роман Чирков таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңде «Ақжайықтан» Завен Бадоян есепті 2:1-ге жеткізді. Ал матчтың 87-минутында Р.Чирков матчтың нүктесін қойды.
Оған қоса, бүгін Семейдің «Елімай» командасы сырт алаңда «Жас Қыранды» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында Алтынбек Сапаров пен Максим Житнев ширақ болды.
Үш турдан кейін 7 ұпай жинаған «Елімай», «Қайрат-Жастар» және «Ақжайық» командалары алғашқы үштікте келеді.