• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 23 Сәуір, 2023

Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

296 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамына қарағанда, ертең жел күшейіп, тұман түседі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте найзағай ойнайды. Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстікте тұман, ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. 

Ақмола облысының батысында найзағай, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Астанада  соғатын жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел соғады.