Орта есеппен Қазақстандағы электр желілерінің 66%-ы тозған. Бұл туралы Энергетика министрлігінің сайтында жарияланған «ҚР энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазіргі таңда электр станцияларының өндіруші жабдықтарының 55,5%-ы 30 жылдан, 5,8%-ы 21-30 жылдан, 13,1%-ы 11-20 жылдан, 18,2%-ы 5-10 жылдан және 7,4%-ы 5 жылдан асқан. Электр желілерінің көп бөлігі 1970 жылдары салынған. Елімізде электр желілерінің тозу деңгейі орта есеппен 66% құрайды. Осының салдарынан тасымалдау кезінде электр энергиясының 6-7% жоғалады. Энергетика секторының отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануынан басқа, жоғарыда аталған проблемалар Қазақстанның энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін төмендетеді және бірінші кезекте елдің энергетикалық қауіпсіздігіне және экономиканың тұрақтылығына әсер етеді», делінген құжатта.
Министрлік өкілдері атап өткендей, қазір энергетикалық кешендердің негізгі бөліктерін жөндеу мен жабдықтарды жаңғырту мүмкіндігі жоқ. Бұған төмен тарифтер себеп болып отыр.