Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-турында «Тобыл» мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Екінші ойын күніндегі негізгі кездесудің бірі «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе» командалары арасында өтті. Кездесуде командалар 2:2 есебімен тең нәтиже көрсетті.
Кездесу барысында алдымен ақтөбелік клубтан Арман Кеңесов 28 Лука Гадрани 69-минутта екі гол соққан еді. Оған «Тобыл» шабуылшысы Игорь Сергеев 73, 85-минутта екі голмен жауап қайырды.
Ал «Атырау» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсуын» 2:1 есебімен сүріндірді.
Ойын барысында ақтаулық клубтан Чкоб Новак 89 93-минутта мергендік танытса, «Ақсу» cапынан Қайрат Жырғалбекұлы 65-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.