АСТАНА. 9 шілде. Мемлекетімізде алғаш рет экологиялық «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» дәлізі құрылды. Оның жалпы аумағы 2 млн. гектарды құрап отыр. Бұл туралы Kazakhstan today хабарлады.
Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі тарапынан айтылғандай, бұл экологиялық дәліз Ырғыз-Торғай табиғи қорығы мен «Алтын дала» (Қостанай облысы) аумағын қамтиды. Мұны құрудағы мақсат – киіктерді табиғи көші-қон жолдарымен қорғау үшін кеңістік байланысын орнату және олардың Бетпақ даладағы санын арттыру.
Хабарламада көрсетілгендей, аталған экологиялық дәлізді құру барысында далалық экожүйе, жер, климат пен киіктерді спутниктік бақылау мәліметтерін пайдалану ескерілген.
Айта кетейік, аталған дәліз БҰҰ, Жаһандық экологиялық қор және еліміздің Орман және аңшылық комитетінің бірлескен жобасын іске асыру аясында құрылды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде далалық экожүйені сақтау қамтамасыз етілмек.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: Kazakhstan today.
Фото: azh.kz.