• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 24 Сәуір, 2023

ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды

416 рет
көрсетілді

Ұлттық тестілеу орталығы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған тегін онлайн сабақтар кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Онлайн сабақтарды республиканың үздік білім беру орталықтары жүргізеді. Сабақтар білім беру орталықтарының жеке YouTube арнасында өтеді.

24 сәуір:

Сағат 20.00. Дүниежүзі тарихы (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Qazbilim, Дархан Болғанбай.

25 сәуір:

Сағат 15.00. Дүниежүзі тарихы (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Educon & Dostyq, Алтынай Тауыпалдиева.

26 сәуір:

Сағат 16.00. География (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Joo.kz, Бағила Садықова. Сағат 21.00. Химия (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Химия мектебі, Бауыржан Бақытжанұлы.

27 сәуір:

Сағат 15.00. Дүниежүзі тарихы (орыс тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Educon & Dostyq, Ермек Жантасов. Сағат 20.00. Құқық негіздері (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Qazbilim, Мэлс Қайырбекұлы. Сағат 20.00. Биология (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Samga Academy, Ерхан Жүнісов. Сағат 21.00. Дүниежүзі тарихы (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Kalzhan Ustaz, Қалжан Рахимжанов.

28 сәуір:

Сағат 20.00. Ағылшын тілі (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Qazbilim, Мөлдір Дәуренбекқызы. Сағат 21.00. Математика (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Zerdeli, Бауыржан Сатыпалдиев.

 29 сәуір:

Сағат 16.00. Математикалық сауаттылық (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Sabaq.Online, Алишер Розматов. Сағат 18.00. Қазақстан тарихы (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Sabaq.Online, Ералы Бекзат. Сағат 21.00. Қазақстан тарихы (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Kalzhan Ustaz, Қалжан Рахимжанов.