• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Сәуір, 2023

Қазақстанда энергия үнемдеу саласын дамытудың тұжырымдамасы әзірленді

238 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аталған тұжырымдаманың көмегімен отын-энергетикалық ресурстарды тұтынудың көлемін азайту мен оны тиімді пайдалануды жолға қою арқылы Қазақстанның ІЖӨ-де энергия сыйымдылығын төмендету көзделген.

Аталмыш бастаманы іске асырудың нәтижесінде өнеркәсіптің басым секторларында өнім өндірудегі энергия ресурстарының шығыны төмендеп, бюджеттік секторда, ТКШ-да және көлік секторында энергия тұтыну мөлшері біршама азаяды деп болжанып отыр.