Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен бала аман қалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға кеше түнде Чехов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде болған.
Бір жасар бала 3-қабаттағы терезеден құлап кеткен. Баланы ересектер қараусыз қалдырған. Бала ашық тұрған терезеге шығып кетіп, құлап кеткен. Ол шұғыл түрде қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер жабық бассүйек-ми жарақаты, жағдайы ауыр деп диагноз қойды», деп хабарлады ведомстводан.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды. Қауіпсіздік мақсатында терезелерге жолақ немесе блокатор орнату ұсынылады.