• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Сәуір, 2023

Қызылордада жалған ақшамен төлем жасаған ер адам ұсталды

205 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны номиналы 20 000 теңгелік бірнеше жалған банкноттарды басып шығарып, жанар-жағармай құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкендерде төлем жасағаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда бойынша департаменті жалған банкноттарды өткізу дерегін әшкереледі. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары аяқталып, іс материалдары сотқа жіберілді.

«Күдікті номиналы 20 000 теңгелік жалған банкноттарды басып шығарып, дүкендерде жұмсап, қайтарымына ҚР Ұлттық банкінің түпнұсқа банкноттарын алып отырған. Тұрғын өз кінәсін толық мойындады. Криминалист мамандардың зерттеуіне сәйкес, өткізілген банкноттар ҚР Ұлттық банкінің ақша белгісіне сәйкес келмейді, бұл «ақша» принтер арқылы басып шығарылғаны анықталды», делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қазақстанда бұл қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.