• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2023

Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды

279 рет
көрсетілді

Екібастұзда Қ.Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіре берісте полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Полиция мәйіттің жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.

ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қаңқалы мәйіттің үстінде: «Челси» футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы; Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар; сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтары бар.