• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Сәуір, 2023

Мамырдағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

297 рет
көрсетілді

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лары 1, 8 және 9 мамырда жұмыс істемейді.

«6 мамырда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ғана жұмысқа шығады. Бұл күні олар азаматтарға сағат 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. 10 мамырдағы мерекелерден кейін барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады», делінген хабарламада.