Ақтөбеде қаржы пирамидасының басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26 сәуірде Ақтөбе қалалық №2 сотымен «Центр финанс» қаржы пирамидасының басшысы Б.Томинге айыптау үкімі шығарылды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
197 салымшыға келтірілген шығын 825 млн теңгені құрады.
Аталған ұйым салымшылар салған ақшаның үстінен 40 пайызға дейін пайдаға кенелетінін меңзеп, 300 мың теңге мен 2 млн теңге арасында қаржы жинап алған, одан бөлек автокөліктерді жоғары нарықтық бағамен сатып алып, оларды төмен нарықтық бағамен сатқан.