• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 27 Сәуір, 2023

Қазақстан мен Швеция агроөнеркәсіпті тереңдету мәселелерін талқылады

193 рет
көрсетілді

Қазақстанның Швециядағы елшісі Сергей Нұртаев Швеция Корольдігінің Ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым министрлігінің Еуроодақ істері және халықаралық қатынастар хатшылығының басшысы – бас директоры Фредерик Альфермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әңгімелесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстандық-швед өзара іс-қимылының жай-күйі мен даму бағыттарын, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірқатар мәселені талқылады.

Қазақстан елшісі швед әріптесіне еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасы туралы айтып, осы секторды дамытудың басым бағыттарын, сондай-ақ саланының мемлекеттік қолдау шаралары және қазақстандық ауыл шаруашылығының инвестициялық тартымдылығы туралы ақпаратпен бөлісті. Тараптар жер және су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру, өтім нарықтарының қолжетімділігі, сондай-ақ экспорт пен аграрлық ғылымды дамыту, технологиялар трансферті мәселелері жайында пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығару мақсатында тығыз өзара іс-қимыл жасауға келісіп, сондай-ақ өзара екіжақты іссапарларды жүзеге асыруға уағдаласты.