• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Алматы 27 Сәуір, 2023

Гүлсімнің «Ұшқыр қаламы»

567 рет
көрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің Т.Қожакеев атындағы мәжіліс залында белгілі журналист, ұстаз-ғалым, дипломат Гүлсім Еңсепованың «Ұшқыр қалам» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Іс-шараға еліміздің белгілі қалам­гер­лері, қоғам қайраткерлері, шетелдік қонақтар, бұқаралық коммуни­кация зерттеушілері, журналистика фа­куль­тетінің оқытушы-профессорлары, БАҚ мамандары, студенттер, магис­транттар мен докторанттар қатысты.

Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы жүргізген кездесу студент­тер үшін де мазмұнды болды. Таныстырылымда «Ұш­қыр қа­лам­» кітабының журналис­терге әдістемелік және мотивациялық оқу құралы ретінде де бағалы екені айтылды.

Себебі әріптесіміздің публи­цистикасында мемлекетшілдік мінез, ұлттық құндылық, тарихи таным-тү­сінік кеңінен көрініс береді. Сана­ңа салмақ сала отырып ойыңды сергітеді. Та­қы­рыбын талдап, сараптап бүгінгі оқыр­ман талабына жауап береді. «Еgemen Qazaqstan» газетінде «Түрме. Әйел. Тағдыр», «Шу бойын шулатқан шөп», «ХХ ғасыр індеті», «Ананың ажалы» деген мақалалар циклін жария­лап, аталған індеттің жайлап бара жатқанын айтып, оқырманға ой салды.

Бас газеттің Парламенттегі алғаш­қы тілшісі бола жүріп, «Америка ашса құшағын», «Венгриямен байланыс», «Бакуде болған екі күн», «Иран иі­рім­дері», «Шыңжаңда шырқалған ән», «Хафиз бен Сағди елінде», «Хоме­неи­дің сенімді серігі», «Африканың ала­сапыраны» сияқты халықаралық тақы­рыптағы мақалалары тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы сыртқы сая­сатттың тынысын таңбалады. Қазір ол Сыртқы істер министрлігінде жауапты қызметте. Көптеген ғылыми-публицистикалық, екі монографиялық кітаптың авторы, екінші сыныпты ке­ңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

Таныстырылым барысында қоғам қайраткері Сәт Тоқпақбаев, жазушы Сәуле Досжан, атақты әнші Сәуле Жан­пейісова, дипломатия ар­дагері Рафия Дербісәлиева, Сырт­қы істер министрі­нің өкілі, дипломат Ал­маша Аренова, белгілі ақын Қуат Қай­ран­баев, ғалым Шәрипа Нұржанова жаңа кітап туралы жылы лебіздерін білдірді. Сәуле Жанпейісова әнімен шашу шашса, А.Аренова Сыртқы істер министрлігінің құттықтау хатын тапсырса, журналис­тика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы Алғысхат берді.

Ал Алатаудың арғы жағынан арнайы келген Қырғыз Президенті жа­нындағы Ақсақалдар кеңесінің төр­­ағасы Дәулетбек Шәдібеков екі ел ара­сындағы мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін Гүлсім Еңсеповаға Шың­ғыс Айтматов атындағы марапатты тапсырды.

 

АЛМАТЫ