• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Сәуір, 2023

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен екі адам көз жұмды

385 рет
көрсетілді

Жаңаөзендегі жарылыстан кейін Ақтаудағы облыстық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген 46 және 51 жастағы ер адамдар қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көпсалалы аурухана дәрігерлерінің айтуынша, зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді.

«Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды құтқара алмады, олардың жағдайы өте ауыр болды. Біз марқұмдардың туыстары мен  жақындарына көңіл айтамыз», делінген облыстық аурухананың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың 17 сәуірінде  Жаңаөзеннің екінші шағын ауданында көппәтерлі үйде газ жарылды.

 

Соңғы жаңалықтар