• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Сәуір, 2023

Көпқабатты үйді бюджет есебінен жөндеуге бола ма?

513 рет
көрсетілді

Алматы тұрғындары көпқабатты үйдің төбесін, қасбетін немесе лифтін жөндей алады. ТҮКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үйдегі пәтер иелерінен өтінім беру қажет, деп хабарлайды  Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы қаласы әкімдігі таратқан ақпаратына сүйенсек,  тұрғындар күрделі жөндеу жүргізіп, шатырды, инженерлік және электр желілерін ауыстыруды, кіреберісті және т.б. жұмыстарды атқара алады.

Қаржы бюджеттен 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде қайтарымды негізде пайызсыз беріледі.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, 2011-2022 жылдары бағдарлама аясында 965 көпқабатты үй жөнделді. Биылғы кезекте 100 көппәтерлі үй тұр.

«Бағдарламаға қатысу үшін жиналыста тұрғын үйді жөндеу туралы шешім қабылдайды. Одан кейін хаттама мен өтінімді бағдарлама операторы «Алматы Тұрғын үй» ЖШС жолдау керек», делінген Алматы қаласының әкімдігі таратқан хабарламада.