Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 турнирінің жеке сынында бастапқы айналымнан өте алмады, ол әлемдік рейтингтің 60-шы позициясында тұрған ресейлік Анна Калинскаяға жол беріп қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
2 сағат 13 минутқа созылған матчта ресейлік теннисші Анна Калинскаяның жолы болды, ол Елена Рыбакинаны өте қиын болған үш партияда да жеңе алды - 7:5, 4:6, 6:2. Осылайша, Анна Майамидегі (АҚШ) турнирде өзін жеңіп кеткен Еленаға есесін қайтарып, реванш алды. Ол кезде үш сетте де Елена Рыбакина басымдық танытқан еді.
Бұл сәтсіздікке қарамастан, Қазақстанның алғашқы ракеткасы әзірге жарыс сапында қала береді. Ол ресейлік Анастасия Павлюченковамен жұптық ойындардың екінші айналымында әлі өнер көрсетеді. Бұған дейін қазақстандық-ресейлік жұп Жапония өкілдері Шуко Аояма мен Эна Шибахараны жеңген болатын.