Әлихан Смайылов Үкімет Аппаратының қызметкерлерімен бірге «Жасыл Астана» жалпықалалық сенбілігіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ұлы Дала даңғылының бойына жағалай жасыл желек, оның ішінде қарағай, балқарағай, қайың, қарақат сияқты 120-ға жуық көшет егілді», делінген Үкімет басшысының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Бүгін елордада мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындар ұжымдары және қала тұрғындары іргелес аумақтар мен су жағалауларын тазалап, ағаш екті.
Айта кетейік, Астанада 6 мамырға дейін дәстүрлі экологиялық шара аясында сенбіліктер мен басқа да «жасыл» акциялар легі жалғасады.