• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Шахмат 02 Мамыр, 2023

Шахматтан халықаралық турнирде Қазақстан спортшысы жеңіске жетті

288 рет
көрсетілді

15 жастағы Алдияр Аңсат Kazakhstan Chess Cup 2023 турнирінде жеңіске жетті. Ол турнир барысында 7,5 ұпай жинады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шахмат федерациясының хабарлауынша, армениялық гроссмейстер Шант Саргсян (2630) екінші орынды, украиналық Александр Моисеенко (2573) үшінші орынды, FIDE атынан өнер көрсеткен Алексей Гоганов (2525) төртінші орынды иеленді. Бесінші орынды ирандық Данешвар Бардия (2540), алтыншы орынды АҚШ-тан келген Ханс Ниманн (2706) алды.   Ардагерлер арасында бірінші орынды астаналық Фазиль Гусейнов, екінші орынды тараздық Айтқазы Баймурзин, үшінші орынды павлодарлық Төлеген Нукин жеңіп алды.    Әйелдер арасында бірінші орынды алматылық Алуа Нұрманова иеленді. Екінші орын шымкенттік Аяулым Қалдароваға бұйырса, үшінші орынға астаналық Әмина Қайырбекова тұрақтады.   Турнир матчтарына әлемнің 16 елінен 167 шахматшы қатысты.