Атақты шахматшылар Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь, сондай-ақ ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлық табыс етті. Бұл туралы БОРТ N1 телеграм арнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Олар Мемлекет басшысына шахмат сыйлады.
Бүгін, 2 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев классикалық шахмат бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салған Ян Непомнящий мен Дин Лижэньді, сондай-ақ Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворковичпен кездесті.
Айта кетейік, 30 сәуірде қытайлық шахматшы Дин Лижэнь тай-брейкте ресейлік Ян Непомнящийді жеңіп, әлем чемпионы атанған еді.