Қазақстан боксшысы Сағындық Тоғамбай Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/16 финалында Конго боксшысы Натан Нланда Мбелиді ұтып, жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек үш раундта да отандық боксшымыздың басымдығында болды. Үшінші нокдауннан кейін төреші кездесуді тоқтатып, жекпе-жек Сағындық Тоғамбайдың жеңісімен аяқталды.
Сондай-ақ кеше Талғат Сырымбетов (60 келі) пен Айбек Оралбай (92) жанкүйерлерін жеңіспен қуантқан еді.
Бүгін кешкі уақытта шаршы алаңға тағы бір отандасымыз Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) шығады. Оның қарсыласы - израильдік Ахмад Штиви.