• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Мамыр, 2023

Өскеменде жедел жәрдем қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған әжені аман алып қалды

499 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында жедел жәрдем қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған 81 жастағы әжені аман алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап. 

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, «103» жедел арнасына қоңырау шалған әйел анасына көмек көрсетуді сұраған.

«Фельдшерлер Ерасыл Алтайұлы мен Тілеген Төлепбергенов шақырту орнына 10 минут ішінде келіп жетті. Тексеру кезінде 81 жастағы әженің жағдайы кенеттен нашарлап, жүрегі тоқтап қалған», делінген ақпаратта.

Сол кезде жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Абырой болғанда, содан кейін әженің жүрегі қайта соғып, тыныс ала бастады.

Ауруханаға жеткізілген соң кейуананың жағдайы жақсара бастады.