• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 03 Мамыр, 2023

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

348 рет
көрсетілді

«Казгидромет» РМК синоптиктері 4-6 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның басым бөлігіндегі жауын-шашынсыз ашық ауа райын Солтүстік антициклонының жотасы анықтайды. Түнгі уақытта оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-7 градус үсік күтіледі. Еліміздің батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Батыста жаңбыр жауады, кей уақытта найзағай, бұршақ жауады, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және күндіз жаңбыр жауады.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болады.